Отандық «Әбіл» фильмі Францияның кинотеатрларында көрсетіледі

Жарияланды 8 Қаңтар 2026 12:03

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
«Әбіл» фильмінің постері / Фото: Ұлттық киноны қолдау орталығы
«Әбіл» фильмінің постері / Фото: Ұлттық киноны қолдау орталығы

«Әбіл» фильмі 14 қаңтардан бастап Франция кинотеатрларында көрсетіле бастайды. Бұл туралы фильм режиссері Елзат Ескендір хабарлады.

Режиссердің айтуынша, фильмді Францияда көрсету ісін Damned Films компаниясы қолға алған. Қазақстандағы Ш.Айманов атындағы Қазақфильм киностудиясы және фильмді насихаттау жұмыстарымен айналысқан Tanaris кинокомпаниясы арқылы келісім-шартқа отырған.

Фильмнің ресми француз трейлері де жарияланды.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Әбіл» фильмі Франциядағы кинофестивальден үш бірдей жүлде алып, басты рөлді сомдаған актер Ерлан Төлеутай «үздік актер» атанған еді.

Сондай-ақ оқыңыз