«Қайрат» – «Брюгге» матчына билет сатыла бастады

УЕФА чемпиондар лигасы жалпы кезеңі аясында өтетін «Қайрат» – «Брюгге» матчына билет ресми түрде сатылымға шықты.
Матч 20 қаңтар сағат 20:30-да «Астана Арена» стадионында өтеді. Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің 7-туры аясында алматылық «Қайрат» Бельгияның 19 дүркін чемпионы «Брюгге» клубын қабылдайды.
Билет Qairat SuperApp және Freedom SuperApp мобильді қосымшаларында сатылып жатыр.
Бір жеке сәйкестендіру нөміріне (ЖСН) екі билеттен артық сатып алуға болмайды. Шетел азаматтары төлқұжат деректерін көрсете алады.
Билет құны 15 мың теңгеден басталады.
«Қайрат» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде алты матч өткізіп, 1 ұпай еншіледі. Өз алаңында «Реал Мадрид» (Испания), «Пафос» (Кипр), «Олимпиакос» (Грекия) клубтарын қабылдаса, сырт алаңда «Спортинг» (Португалия), «Интер» (Италия), «Копенгаген» (Дания) клубтарына қарсы ойнады.
Енді өз алаңында «Брюгге» (Бельгия) ұжымын қабылдап, 29 қаңтарда (Астана уақытымен) сырт алаңда «Арсенал» (Англия) ұжымымен кездеседі.
Бұған дейін «Қайрат» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі ойында грекиялық «Олимпиакос» футбол командасына есе жіберіп, 0:1 есебімен жеңілді.