Әнші Қайрат Нұртастың қызы Сезім 18 жасқа толды. Өнер иесі бұл маңызды күнді отбасымен бірге Мальдив аралдарында атап өтті.
Қайрат Нұртас қазір жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімовамен және балаларымен демалыста жүр. Бұл туралы Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram сторисінде хабарлады.
Ол қызының туған күні ерекше форматта өткенін атап өтті.
«Бұл күн Сезімнің сценарийімен өтті. Тек отбасымен бірге, ешкімге алаңдамай өзіміз ғана. Қалғаны тоса тұрсын, әлем тоқтай тұрсын», – деп жазды Жұлдыз.
Айта кетейік, Сезім Қайрат Нұртастың тұңғыш қызы. Бұған дейін әнші екінші қызы Алаумен видео түсіріп, қандай жағдайда қызынан бас тартатынын айтқан еді.