Қостанайлық «Тобыл» футбол клубы атауын қазақшалады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қостанай өңірінің басты футбол командасы жаңартылған логотипін көпшілікке ұсынды. Жаңа нұсқада клуб атауы «Тобол» емес, «Тобыл» деп таза қазақ тілінде жазылды.

Клуб баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл – уақыт талабына сай жасалған ұқыпты әрі байыпты жаңарту. Жаңартылған логотипте жанкүйерлерге бұрыннан таныс негізгі элементтер мен символика сақталған.

«Жаңа логотип клубтың тарих сабақтастығын және алға ұмтылысын бейнелейді. Онда өткенге деген құрмет пен болашаққа бағытталған көзқарас қатар көрініс тапқан. Құндылық сақталды. Құрамы өзгерді. Заманауи нұсқа», – деп жазды «Тобыл» футбол клубы әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.

Бұған дейін «Тобыл» мен Қазақстан құрамасының футболшысы Ислам Чесноков еуропалық клубқа ауысқаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз