
8 қаңтардан 9 қаңтарға қараған түні Испания Суперкубогының жартылай финалында мадридтік дерби өтеді. Жасыл алаңға елдің екі алпауыты «Реал Мадрид» пен «Атлетико» кездеседі.
Матч Сауд Арабиясының Жидда қаласындағы «King Abdullah Sports City» стадионында өтеді. Кездесудің бас төрешісі болып Матео Бускетс тағайындалған.
Ойын Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады. Матчтың тікелей трансляциясын Sport Plus Qazaqstan телеарнасы көрсетеді.
Айта кетейік, алғашқы жартылай финалда «Барселона» Бильбаоның «Атлетик Бильбао» клубын 5:0 есебімен айқын жеңді.
Қазіргі таңда Испания Суперкубогының иегері «Барселона». 2025 жылғы финалда каталониялық клуб мадридтік «Реалды» 5:2 есебімен ойсырата жеңген еді.