
Шатырдан түсе алмай қалған мысыққа құтқарушылар көмекке келді. Бұл туралы Қызылорданың төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
«Бүгін түнде Қызылорда облысы ТЖД-ның 112 пультіне Қызылорда қаласындағы Жельтоксан көшесінде орналасқан сауда үйінің шатырында төрт тәулік бойы өздігінен түсе алмай отырған мысық бар екені туралы хабарлама түсті. Жануарды құтқару үшін құтқарушылардың көмегі қажет болды», – делінген хабарламада.
Оқиға орнына ТЖМ Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жедел жеткен. Құтқарушылар үш буынды саты орнатып, мысықты ғимарат шатырынан абайлап түсіріп алған.
Құтқарылған жануар иесіне тапсырылды.
Тұрғындар құтқарушыларға қошемет көрсетіп, алғысын білдірген.
Ал Талдықорғанда құтқарушылар бес қабатты үйдегі өрттен жеті баланы алып шыққан еді.