Шымкентте МӨЗ-ден мұнай ұрлау схемасы ашылды

Шымкентте полиция жергілікті мұнай өңдеу зауытының аумағынан мұнай өнімдерін ұрлау схемасын анықтап, заңсыз әрекетті тоқтатты.
ІІМ мәліметінше, 7 қаңтарда Шымкент полиция департаменті жанар-жағармай материалдарын заңсыз алуды ұйымдастырған топты ұстады. Қылмысқа МӨЗ-бен байланысы бар кәсіпорындардың бірінің қызметкерлері қатысты болған. Олар қала тұрғындарымен сөз байласып әрекет еткен.
«Тергеу ұрланған отынның ұйымдастырушыларға тиесілі бірнеше базада сақталғанын және сатылғанын анықтады. Ақша қаражатының көлеңкелі айналымы 1 млрд теңгеден асты», – делінген департамент хабарламасында.
Тінту кезінде полицейлер қолма-қол ақшаның көп мөлшерін, 17 тоннадан астам жанармай және оны сақтауға және тасымалдауға арналған жабдықты, сондай-ақ, бірнеше цистернаны тәркіледі.
Істің барлық қатысушылары ұсталды. Тергеу аса ірі мөлшерде ұрлау фактісі бойынша жүргізіледі. Сонымен қатар, Шымкент мұнай өңдеу зауыты қызметкерлерінің контрабандаға қатысты болуы тексерілуде.