Абзал Әжіғалиев Олимпиада жүлдеcін алуды армандайды

Шорт-трекші Абзал Әжіғалиев осымен төртінші мәрте қысқы Олимпиада ойындарына қатысады. Шешуші жарысқа дайындықты аяқтаған атлет Милан-Кортина-2026 жарыстарында жүлдеге ілігуді армандайды.
Ұлттық құрама капитаны Астанадағы«Алау» мұз сарайында жаттығып жүр.
«Соңғы жаттығуларымызды пысықтап жатырмыз. Барлық жағдай жасалған. Негізгі мақсатымыз – Олимпиадаға физикалық тұрғыдан ең жоғары формада бару», – дейді Әжіғалиев.
Ол 2014 жылы Сочиде ерлер эстафетасында 5-орын алса, 2022 жылы Бейжіңде 500 метр қашықтықта жүлдеге бір қадам жетпей, 4-орынға тұрақтаған.
«Бала кезден бергі арманым – Олимпиада медалін жеңіп алу. Қазақ баласы да шорт-тректен жоғары деңгейде жарыса алатынын көрсеткім келеді. Бұл мен үшін өте жауапты кезең», – дейді капитан.
2025 жылы Әжіғалиев Азия ойындарында 5000 метрлік эстафетада Қазақстан құрамасымен бірге тарихи алтын медаль жеңіп алды. Алдағы Олимпиадада спортшы 500 метр қашықтықта және аралас эстафетада бақ сынайды.
«Алдымызда шешуші кезең тұр. Милан-Кортина – біздің басты мақсатымыз. Жауапкершілікті толық сезінемін және бар күшімді саламын», – деді Әжіғалиев.
Милан-Кортина-2026 қысқы Олимпиадасы 6 ақпанда салтанатты түрде ашылады. Шорт-трек жарыстары 8-22 ақпан аралығында Миландағы мұз аренасында өтеді.