Lifestyle

Мұстафа мен Мәриям Шоқай альбомы музейге тапсырылды (фото)

Мұстафа мен Мәрия Шоқай
Мұстафа мен Мәриям Шоқай / фото: ашық дереккөз

Алаш қайраткері Мұстафа Шоқай мен әйелі Мәриямның отбасылық альбомы Астана қаласындағы Ұлттық музейге тапсырылды. Көне жәдігер ұзақ жылдардан бері қолдан-қолға өткен.

XX ғасырдың басында Қазақстаннан кетуге мәжбүр болып, ұзақ уақыт Еуропаны паналаған Мұстафа Шоқайдың бірнеше суреті әлеуметтік желілерде жарияланды. Олардың бәрі қоғам қайраткерінің отбасылық альбомынан алынған.

Мұстафа мен Мәрия Шоқай
фото: ашық дереккөз

Альбомды ондаған жыл бойы тұңғыш скрипкашы Әлім Алмат (Ғалымжан Тілеуқабыл) сақтап келген. Ол Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары тұтқында болып, Мұстафа Шоқайдың арқасында аман қалған. Соғыс аяқталғаннан кейін Мәриям Шоқайды паналаған.

Мұстафа мен Мәрия Шоқай
фото: ашық дереккөз

Тележүргізуші Гүлбаршын Зайырдың айтуынша, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін елге келген Әлім Алмат альбомды шоқайтанушы Бақыт Садықоваға аманаттап тапсырған. Ал 2022 жылы суреттер Гүлбаршынның қолына өткен. Журналист құнды жәдігерді 2025 жылдың аяғында Ұлттық музейге өткізген.

Мұстафа Шоқай
фото: ашық дереккөз

Алаш қозғалысының белсенді мүшесі болған Мұстафа Шоқай 1918 жылы шетелге кетуге мәжбүр болды. 1921 жылы Париж қаласына орнығып, «Жаңа Түркістан», «Жас Түркістан» журналдарын шығарды. Кеңес одағы құрамындағы түркі халықтарының азаттығы үшін күрескен азамат 1941 жылғы 27 желтоқсанда Берлин ауруханасында қайтыс болып, сол қалада жерленді.