Жаңалықтар

Талдықорғанда банкоматтан ақша ұрлауға талпынған азамат ұсталды (видео)

банкомат бұзылған
фото: shutterstock

Талдықорған қаласында банкоматтан ақша ұрлауға талпынған 45 жастағы азамат ұсталды. Бұл туралы ІІМ сайты хабарлады.

Жетісу облысы орталығында екінші деңгейлі банктердің біріне тиесілі банкоматты бұзуға талпынған тұрғын онымен жарты сағат бойы алысқан, бірақ әрекетінен түк шықпаған. Полиция күдіктіні қалада орнатылған камералар арқылы іздестірді.

«Іздеу аясы қаладағы бірнеше жеке үйге дейін тарылды. Қажетті мәліметтер алынған соң, полиция қызметкерлері жедел түрде оқиға орнына шығып, аула-ауланы аралау жұмыстарын жүргізді», – деп таратты polisia.kz.

Іздестіру нәтижесінде 45 жастағы күдікті ұсталды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оның жеке басын анықтап, ұстау үшін бірнеше күн жұмсады.

Банкке келтірген материалдық шығын көлемі анықталады. Тергеу жүріп жатыр.

Полиция раскрыла попытку кражи с банкомата в области Жетысу