Алматы маңында Үндістан студенттері қаза болды

Алматы маңындағы тас жолда болған жантүршігерлік жол-көлік апатында Үндістан студенттері қаза тапты.
Tengrinews.kz хабарлауынша, қайғылы оқиға 6 қаңтар күні болған.
Астанадағы Үндістан елшілігінің мәліметінше, көлікте Үндістанның бес азаматы болған. Олардың төртеуі – Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері, біреуі – турист. Олар Шымкенттен Алматыға қарай жолға шыққан.
«Өкінішке қарай, екі адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы үшеуі ауыр жарақат алып, қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр», – деп хабарлады елшілік.
Үндістан елшілігі Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының қаза тапқан студенттерінің отбасыларына көңіл айтып, олардың Раджастхан штатынан шыққанын мәлімдеді.
Мұның алдында Ақтауда автокөлік теміржол өткелінде тепловозбен соқтығысқан еді.