
Azerbaijan Airlines (AZAL) жаңа жыл мерекесіне байланысты халықаралық бағыттар бойынша арнайы жеңілдік жариялады. Акция шеңберінде әуе билеттерін 18 қаңтарға дейін сатып алуға болады.
Авиакомпанияның мәліметінше, жолаушылар әлемнің 50-ден астам қаласына қатынайтын рейстерге 45 пайызға дейінгі жеңілдікпен билет рәсімдей алады. Науқан жаңа жылдағы алғашқы сапарларын жоспарлап отырған жолаушыларға арналған.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан темір жолы пойыздарында және Air Astana ұшақтарында спутниктік интернет іске қосылатыны жайлы жазғанбыз.