
9 қаңтарда таңертең Алматы тұрғындары актер Мұрат Бисембинді ақтық сапарға шығарып салды. «Рэкетир» фильмінің жұлдызы бір күн бұрын дүние салған.
Танымал актермен қоштасу рәсімі Орталық мешіт алдында өтті. Азалы жиынға адам көп жиналды. Жаназа мешітте оқылды.

Мұрат Бисембин 53 жасында дүние салды. Бұған дейін оның қатерлі ісік ауруына шалдыққаны мәлім болған. Кейін инсульт алып, ауруханаға түскен.

«Рэкетир» (2007 жыл) фильмі арқылы көпшілікке танылған Мұрат одан кейінгі жылдары «Ағайындылар», «Күлгін қоян туралы ертегі», «Томирис» фильмдеріне, тағы бірнеше сериалға түскен.
Марқұмның артында жесірі, үш баласы қалды.