Артықбаев Қазақмысты қай ақшаға сатып алғаны белгілі болды

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Бывшую лаборантку Казахмыса оштрафовали за ролик на YouTube
фото: ашық дереккөзден

«Қазақмыс» тау-кен корпорациясын сатып алу үшін Швейцариядағы шикізат трейдері Mercuria Energy Group Ltd Нұрлан Артықбаевқа 1,2 млрд доллар берген. Бұл жайлы Bloomberg жазады.

Арадағы келісім бойынша, қазақ миллиардері қарызын шикізатпен қайтарады. Алғашқы төрт жылда Mercuria жыл сайын 200 мың мыс катодын алады. Ал одан кейінгі төрт жылда өндіріс көлемінен пайыз алып отырады.

Еске салайық, былтыр жыл соңында Нұрлан Артықбаев «Қазақмыс» компаниясын сатып алды. Мыс өндіруші компаниясының жаңа иесі ресми түрде Qazaq Stroy көп салалы тобы болды. Бірақ мәміле құны нақты жарияланған жоқ.

Оған дейін Kazakhmys Holding Limited компаниясының 70% акциясын Владимир Ким, ал 30%-ын Эдуард Огай иеленген еді.

Осыдан кейін «Қазақмысқа» жаңа басшы тағайындалды.

«Қазақмыс» 2024 жылы 63,6 млрд теңге таза пайда тауып, Қазақстанның ең ірі жеке компанияларының Forbes тізімінде екінші орынды иеленді.

Сондай-ақ оқыңыз