Асу Алмабаев Мехикода UFC-дің басты жекпе-жегінде өнер көрсетеді

UFC ұйымы Мехико қаласына қайта оралады. 28 ақпанда өтетін турнирдің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы чемпиондыққа үміткерлер – мексикалық Брэндон Морено мен қазақстандық Асу Алмабаев октагонға шығады.
Мексикалық Брэндон Морено (29-3-2) бұл кездесуге дивизионның №5 үміткері ретінде қатысады. 32 жастағы файтер соңғы кездесуінде UFC 323 турнирінде жапониялық Тацуро Тайрадан екінші раундта техникалық нокаутпен жеңілген. Оған дейін Морено Стив Эрцег пен Амир Альбазиді төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен ұтқан.
Ал, Асу Алмабаев (23-3) рейтингте жетінші орында тұр. 31 жастағы спортшы партердегі шеберлігімен, әсіресе ауырту әдістерімен танымал. Соңғы жекпе-жектерінде Алекс Перес, Хосе Очоа және Матеус Николауды жеңіп, жоғары деңгейдегі қарсыластарға дайын екенін мәлімдеді.