Елена Рыбакина Брисбен турнирінің ширек финалында Муховадан жеңілді
Жарияланды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Брисбенде өтіп жатқан WTA турнирінің ширек финалында чехиялық теннисші Каролина Муховадан жеңіліп қалды.
Кездесу үш сетке созылып, тартысты өтті. Алғашқы партияда Рыбакина ойын ыңғайын таба алмай, 2:6 есебімен жеңілді. Екінші сетте қазақстандық теннисші мінез көрсетіп, 6:2 нәтижесімен есепті теңестірді. Алайда шешуші үшінші сетте Мухова басым түсіп, 6:4 есебімен матчты өз пайдасына аяқтады.
Осылайша, Елена Рыбакина Брисбен турниріндегі өнерін ширек финалда аяқтады. Бұған дейін 1/8 финалда испаниялық Паула Бадосаны сенімді түрде жеңген еді.