
Актер Еркебұлан Тоқтар Threads әлеуметтік желісінде өзі туралы тараған кезекті қауесетке пікір білдірді. Бұл жолы желі қолданушылары оны актриса Әсел Сағатовамен байланыстырып қойған.
Еркебұлан Тоқтар жазбасында мұндай әңгімелерге таңғалатынын жасырмады.
«Мені кіммен қоспады осы уақытқа дейін, бірақ Асель Сағатоваға қосып қойғандарың не, ұят-ай. Мен онымен съемкада «сәлеметсіз бе» деп амандасам ғой», – деп жазды актер.
Айта кетейік, Еркебұлан Тоқтар мен Әсел Сағатова бірге «Научи меня жить» және «Бишарашки в Таиланде» фильмдеріне түскен.
Бұған дейін де оқырмандар Еркебұлан Тоқтарды блогер Бота Миямен байланыстырып, түрлі пікір қалдырған еді. Актер бұл әңгімелерге де жауап беріп, жеке өміріне қатысты қауесеттерді жоққа шығарған.