Айзат Жұманованың өлімі: әйелін қасақана өлтірген азамат 14 жылға сотталды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Сот үкімі шықты/фотоны марқұмның туыстары ұсынды

Талдықорғанда қаза тапқан Айзат Жұманованың күйеуіне сот үкімі шықты. Айбар Жанболат әйелін өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, 14 жылға бас бостандығынан айырылды.

Істің мән-жайы

Қайғылы жағдай Жетісу облысы Баласаз ауылында болған. Тергеу дерегінше, 2025 жылдың 21 маусымы сағат 05:00 шамасында Айбар Жанболат тауға атпен мал бағуға кетіп, 16:30 шамасында үйіне келген. Сол кезде Жұманованың табалдырықта біреумен сөйлесіп тұрғанын көріп, кіммен әңгімелескенін сұраған. Жұманова жауап бермей, үйге кіріп кеткен.

Ашуланған Айбар Жанболат мотоциклге отырып, Суықсай ауылындағы дүкенге барып, 7-8 бөтелке сыра сатып алған. Жол бойы сатып алған сыраны ішкен. Үйге келген соң Жұманованың белгісіз біреумен телефон арқылы сөйлесіп жүргені есіне түсіп, қызғаныш сезімі оянып, әйелін өлтіруді ойлаған.

Бастапқыда Жұманованы күйеуі атпен сүйреп өлтірген деп айтылды. Мәйітке эксгумация жасалып, сараптамада бұл болжам расталмаған.

Сондай-ақ оқыңыз