Жеке қаржысы жеткіліксіз: реттеуші былтыр лицензия алған банкке ескерту жасады

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Реттеуші жаңа банкке неге ескерту жасады / Фото: kursiv.media архиві, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі оңтүстік кореялық инвесторға тиесілі BNK Bank-ке ескерту жасап, жазбаша нұсқама берді.

Оған себеп – банк меншікті капиталдың ең төменгі мөлшеріне қойылатын талапты орындамаған.

Реттеуші аталмыш банкке бұған дейін де ескерту жасаған. Ол кезде де қаржы ұйымы реттеуші белгілеген пруденциялық нормативтерді орындамады.

Айта кетейік, бұрынғы микроқаржы ұйымы банк лицензиясын тек 2025 жылдың 25 маусымында алған. Тамыздан бастап ресми түрде банк ретінде жұмысына кірісті.  

1 қарашадағы жағдай бойынша BNK Commercial Bank капиталы 11,6 млрд теңгені құрады. Бұл – елдегі бүкіл банктер арасындағы ең төменгі көрсеткіш.

:2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша банк 321 млн теңге көлемінде таза шығынға ұшыраған.

BNK Bank жалғыз акционері – BNK Capital Co. компаниясы. Өз кезегінде бұл оңтүстік кореялық BNK Financial Group холдингінің еншілес ұйымы.

Сондай-ақ оқыңыз