Балабақша ваучері кімге беріледі және оны қалай алуға болады

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Фото: shutterstock

Алматыда мектепке дейінгі білім беру саласын ваучерлік қаржыландыру пилоттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бағдарламаның негізгі мақсаты – мектепке дейінгі білім берудегі мемлекеттік қаржыландырудың ашықтығын, тиімділігін және нысаналы бағытын арттыру болып отыр.

Әкімдік осы ретте ваучер деген не, оны кім ала алады, өтінішті қалай рәсімдеу керек және қандай құжаттар қажет деген сұрақтарға жауап берді.

Ваучер – мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен баланың балабақшадағы орнына бөлінетін қаржыландыруды растайтын электрондық құжат. Ол ата-аналарға мемлекеттік және жеке мектепке дейінгі ұйымдардың арасынан таңдау жасауға мүмкіндік береді.

Ваучер алу үшін не істеу керек?

  1. portal balabagsha.snation.kz сайтына кіру.
  2. Жеке кабинет арқылы немесе eGov.kz порталы арқылы авторизациядан өту.
  3. Сайттың басты бетіндегі ваучер алу жөніндегі нұсқаулықпен танысу.
  4. Өтініш толтырып, бала және таңдалған мектепке дейінгі ұйым туралы мәліметті енгізу.
  5. Ваучердің расталуын жеке кабинетке кіріп күту.

Маңыздысы – ваучер тек таңдалған ұйымдағы бос орын болған жағдайда беріледі. Балаларды бөлу үдерісі қолжетімді орынға сәйкес автоматты түрде жүргізіледі.

Сондай-ақ оқыңыз