Елде 20-дан астам қылмыстық топтың жолы кесілген

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
В Казахстане за год пресекли деятельность 20 ОПГ
фото: Ұлттық қауіпсіздік комитетінен

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2025 жылы ұйымдасқан қылмыспен күресу бойынша ауқымды жұмыс жүргізгенін хабарлады. Полициямен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен 20 қылмыстық топтың іс-әрекетіне тосқауыл қойылған.

Кісі өлтіру, бопсалау, есірткі мен қаруды заңсыз сақтау күдігімен 70-тен астам адам ұсталған. Олардың арасында Қазақстанда және шетелде іздеуде жүрген адамдар да бар.

«Жасалған қылмыстарды тергеу барысында 30 бірлік атыс қаруы және 11 травматикалық қару тәркіленді», – деп атап өтті баспасөз қызметі.

Барлық деректер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.

Сондай-ақ былтыр елде сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар 900-ге жуық адам әшкереленді. Бір жыл ішінде 1 052 қылмыстық іс қозғалып, оның 860-ы сотқа жіберілген.

Сондай-ақ оқыңыз