Жаңалықтар

Таразда 12 оқушы уланғаннан кейін кәсіпкерге айыппұл салынды

Сот шешімі күшіне енді/фото: shutterstock

Жамбыл облысында балалардың жаппай улануына қатысты іс бойынша сот шешім қабылдады.

Оқиға 2025 жылдың қарашасында Байзақ ауданында болған. Дүкенде сатылатын тамақты жегеннен кейін 12 оқушы уланып, ауруханаға түскен.

Жоспардан тыс тексеру барысында дүкендегі тамақтан ішек таяқшалары тобының бактериялары анықталған. Бұл тамақты дайындау кезінде санитарлық нормалардың бұзылғанын көрсетеді.

Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотында кәсіпкер 12 оқушының бір сәтте улануы мүмкін емес екенін айтты.

Сот шешіміне сәйкес, кәсіпкер балалардың уланғанына кінәлі деп танылды. Ол бір миллион теңге айыппұл төлейтін болды.