Алматы қаласында заманауи кітапхана ашылады

Жарияланды 9 Қаңтар 2026 09:15

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
Кітапхана Алматы қаласы заманауи жаңа
фото: gov.kz

9 қаңтарда Алматы қаласында жаңа кітапхана салтанатты түрде ашылады. Заманауи мекеме тұрғындар жиі баратын орталыққа айналады. Бұл туралы Kursiv.Media шаһар әкімдігінің мәліметіне сүйене отырып хабарлады.

Кітапхананың ашылу рәсіміне Алматы қаласының тұрғындары, қала басшылығының өкілдері, белгілі жазушылар, қоғам қайраткерлері және мәдени қауымдастық өкілдері қатысады.

Іс-шара барысында қонақтарға кітапхананың функционалдық және технологиялық мүмкіндіктері таныстырылады. Атап айтқанда, ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған арнайы жабдықталған аймақтар, заманауи компьютерлік зал, балалар аймағы, сонымен бірге жеке және топтық жұмысқа арналған жайлы кеңістіктер көп

«Барлық санаттағы оқырман үшін инклюзивті және қолжетімді орта құруға ерекше көңіл бөлінген», – деп таратты әкімдіктің баспасөз қызметі.

Кітапханада әртүрлі жастағы оқырмандарға арналған тегін үйірмелер, білім беру және шығармашылық сабақтар өткізілетін арнайы кабинеттер қарастырылған.

Заманауи кітапхана Алматы қаласындағы Құлболды көшесі (1/2-үй, 2-корпус) бойында орналасқан. Орталықтың ашылу салтанаты жұма күні сағат 15:00-де басталады.

Сондай-ақ оқыңыз