Ақылы жолдардың қайсысынан табыс көп түсіп жатыр

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
ақылы жол
фото: shutterstock

2025 жылы Қазақстандағы ақылы жолдар арқылы шамамен 74 млн рет сапар жасалған. «ҚазАвтоЖол» 26 жолдың қайсысында көлік көп жүретіні туралы мәлімет таратты.

Рейтингте Алматы-Қонаев ақылы жолы көш бастап тұр. Былтыр дәл осы жолмен 11,8 млн мәрте сапар жасалған. Екінші орында Шымкент-Өзбекстан шекарасы (9,3 млн), ал үшінші орында Шымкент-Тараз (6,5 млн) тас жолы тұр.

Мекеменің мәліметінше, қазір ел аумағында жалпы ұзындығы 4 883 шақырымға созылып жатқан 26 ақылы жол жұмыс істейді. Олардың 12-сі бірінші техникалық санаттағы сапалы жолға жатады. Рейтингке қарағанда, сапарлардың 51%-ы алғашқы бес жолда жасалған.

2025 жылғы қаңтар-қазан айларында елдегі ақылы жолдардан 79 млрд теңге пайда түскен.

2025 жылы ақылы жолдар рейтингі мынадай:

  1. Алматы-Қонаев – 11,8 млн
  2. Шымкент-Өзбекстан шекарасы – 9,3 млн
  3. Шымкент-Тараз – 6,5 млн
  4. Тараз-Қайнар – 5,4 млн
  5. Шымкент-Қызылорда – 4,8 млн
  6. Астана-Теміртау – 4,4 млн
  7. Қонаев-Талдықорған – 3,9 млн
  8. Астана-Щучинск – 3,7 млн
  9. Щучинск-Көкшетау – 3,2 млн
  10. Астана-Павлодар – 2,5 млн
  11. Алматы-Қорғас – 2,5 млн
  12. Қостанай-Денисовка – 1,9 млн
  13. Тараз қаласының айналма жолы (Қайнар-Шымкент) – 1,9 млн
  14. Қызылорда-Арал – 1,8 млн
  15. Көкшетау-Петропавл – 1,7 млн
  16. Балқаш-Бурылбайтал – 1,4 млн
  17. Павлодар-Семей-Қалбатау – 1,3 млн
  18. Ақтөбе-Ресей Федерациясының шекарасы (Орынборға) – 1,3 млн
  19. Павлодар-Ресей Федерациясының шекарасы (Омбыға) – 856 мың
  20. Қостанай-Ресей Федерациясының шекарасы (Троицкке) – 831 мың
  21. Орал-Ресей Федерациясының шекарасы (Самараға) – 774 мың
  22. Шу-Бұрылбайтал – 707 мың
  23. Қандыағаш-Мақат – 583 мың
  24. Орал-Ресей Федерациясының шекарасы (Саратовқа) – 570 мың
  25. Бейнеу-Ақжігіт (Өзбекстан шекарасы) – 163 мың
  26. Үшарал-Достық – 101 мың.

2025 жылдың аяғында ақылы жолдарда төлем жасау ережесі жеңілдегені мәлім болды. Жолда жүру ақысы уақытылы төленбесе, қандай жаза қолданылатынын Kursiv.Media материалынан оқыңыз.

Сондай-ақ оқыңыз