Жаңалықтар

Бублик Гонконгтегі турнирде жартылай финалға шықты

Казахстанец Александр Бублик вышел в полуфинал Bank of China Hong Kong Tennis Open-2026
фото: hkmenstennisopen.com

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Гонконг қаласында өтіп жатқан ATP-250 турнирінің жартылай финалына шықты. Ол 9 қаңтарда Шан Цзюнчэнді жеңді.

Ширек финалдағы матч 6:1, 7:6 есебімен екі сетте аяқталды. Енді Бублик жартылай финалдағы қарсыласын күтеді. Ол америкалық теннисшілер Маркос Жирон мен Майкл Ммо матчының жеңімпазымен кездеседі. Бұл екеуі жұма, яғни бүгін 9 қаңтар күні кешке ойнайды.

Турнирдегі екінші жартылай финалда ресейлік Андрей Рублев пен италиялық Лоренцо Музетти кездеседі. Финалға өтетін екі теннисші сенбі, 10 қаңтар күні анықталады. Финал жексенбі, 11 қаңтарда ойналады.

Бублик тағы екі ойында жеңіске жетіп, турнир жеңімпазы атанса, онда 12 қаңтардан бастап ATP рейтингінде оныншы орынға көтеріледі. Александр қазір 11-орында тұр.

Бүгін тағы бір қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Брисбенде өтіп жатқан турнирде чех теннисшісі Каролина Муховадан жеңіліп қалды.