Наразылық күшейген тұста Иранда интернет өшті

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Иран наразылық
фото: shutterstock

Үкіметке қарсы наразылық бүкіл елді шарпыған тұста, бейсенбі күні кешке Иранда интернет өшті. Халық билік басындағы діни жүйеге қарсы ұрандатып, экономиканың нашарлығы мен күш құрылымдарының қуғын-сүргініне наразылық білдіріп жатыр.

CNN телеарнасының мәліметінше, 8 қаңтарда кешке Тегеран мен басқа да ірі қалаларда көтеріліс басталған уақытта, билік бірден интернет пен телефон байланысын үзді. Иранда екі аптадан бері наразылық болып жатыр.

Интернеттің бар-жоғын бақылайтын ұйым Иран билігінің осы әрекетін көтерілісті күшпен басу мақсатында жасалуы мүмкін деп бағалады.

Телеарна дерегінше, осы елдегі жүзден астам қаланың тұрғындары көшеге шыққан. Билік көтерілісті күшпен басу тактикасына тағы да жүгінді.

2025 жылғы 28 желтоқсанда басталған наразылық барысында кем дегенде 45 адам, соның ішінде сегіз бала қаза тапқан. Бұл туралы кеңсесі Норвегияда орналасқан IHRNGO иран құқық қорғау ұйымы хабарлады. Оның дерегінше, тағы жүздеген адам жараланып, 2 мыңнан астам адам ұсталған.

2025 жылғы маусымда да Иранда наразылық болып, билік сол кезде де бүкіл елде интернетті өшірген. Артынша Starlink спутниктік интернетін қолданған азаматтарды дүрелейтіні мәлім болған.

Сондай-ақ оқыңыз