Тоқаев АҚШ-тың Астанадағы жаңа елшісіне сенім грамотасын тапсырды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Джули Стаффт АҚШ-тың Қазақстандағы жаңа елшісі
фото: Ақорда

9 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Қазақстандағы жаңа елшісі Джули Стаффтқа сенім грамотасын тапсырды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

АҚШ Сенаты дипломатты Астанаға елші ретінде жіберу жөніндегі шешімді 2025 жылғы қазанда бекіткен. Стаффт Мемлекеттік департаментте 25 жылдан астам уақыт қызмет атқарған. Ол ағылшын, орыс, румын, француз және поляк тілдерін меңгерген.

«Президент Дональд Трамп мырзамен достық рәуіште мазмұнды әңгіме өрбітіп, келіссөздер жүргіздік. Таяуда біз телефон арқылы емен-жарқын сөйлесіп, екіжақты ынтымақтастығымызға қатысты көптеген мәселені талқыладық. Мені жыл соңында Құрама Штаттарда өтетін G20 саммитіне қатысуға шақырғаны үшін алғыс айтамын. Біз көптеген саладағы стратегиялық серіктестігімізді дамытып, нығайтуға күш саламыз, – деді Тоқаев жаңа елшіге.

Жұма күні президент Болгария елшісі Георги Воденскиге де сенім грамотасын тапсырды. Мемлекет басшысы дипломат арқылы болгар президенті Румен Радевке сәлем жолдап, оның былтыр елге жасаған ресми сапары екіжақты қарым-қатынасқа айтарлықтай тың серпін бергенін айтты.

Тоқаев елшілерді дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, олардың мемлекеттері басшыларына ізгі тілегін жолдады.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы қазанда Қазақстанның АҚШ-тағы жаңа елшісі тағайындалған. Ақорда бұл қызметті Мағжан Ілиясовқа сеніп тапсырған.

Сондай-ақ оқыңыз