Тоқаев Құрылыс кодексіне қол қойды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Депутаты переименовали Строительный кодекс
фото: shutterstock

9 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылыс кодексіне қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.

Сонымен бірге, мемлекет басшысы заңнамаға сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заңға да қол қойды. Осы құжаттың мәтіні де баспасөзде басылады.

Заңдар бүкіл құрылыс саласына ортақ тәртіп енгізуді көздейді. Енді құрылыс жүргізетін компаниялардың жауапкершілігі мен нысан сапасы артуы тиіс. Әсіресе, сейсмикалық белсенді аймақтардағы құрылысқа талап күшейтіледі.

Бұған қоса, құрылыс барысы E-Qurylys арқылы жүзеге асады. Жер сатып алудан бастап, нысанды қолданысқа беруге дейінгі жұмыстардың бәрі осында көрініп тұруға тиіс.

Азаматтардың құқықтарын қорғауға да көңіл бөлінеді. Дегенмен заңсыз құрылысқа бақылау күшейтіледі. Үлескер тарту механизмі қатаяды. Азаматтар бас жоспарды талқылауға мүмкіндік алады.

Бірақ та жаңа тәртіп осы салада бюрократия туғызады деушілер де жоқ емес. Қалай дегенмен, қабылданған заңдар құрылыс нарығын заңсыздықтан тазартуы тиіс.

Сондай-ақ оқыңыз