Sergek сарапшылары Алматыдағы кептеліссіз күнді атады

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Фото: kursiv.media архиві

2026 жылдың алғашқы күнінде Алматы жолдарында тыныштық орнады. Былтырғы 1 қаңтармен салыстырғанда көлік қозғалысы екі есе азайған. Бұл туралы Sergek ITS сарапшылары мегаполистегі жаңа жылдық демалыс күндеріндегі жол қозғалысына жүргізілген талдау қорытындысына сүйене отырып хабарлады.

Жаңа жыл алдындағы қарбалас

Фото: t.me/sergeknews

Мереке алдындағы ең жоғары жүктеме – соңғы жұмыс күні. 2024 жылы бұл күн 30 желтоқсан болды, ол уақытта 1,68 млн сапар тіркелген, ал 2025 жылы 29 желтоқсанда – 1,56 млн сапар тіркелді.

Негізгі магистральдардағы қозғалыс

Қаланың басты көшелеріндегі орташа тәуліктік көлік белсенділігі 12,5%-ға артты. Қалаға кіретін және шығатын көлік ағыны да 12%-ға өскен.

1 қаңтар әдеттегідей ең тыныш күн

Жылдың алғашқы күні – ең тыныш күн болып қала береді. Алматыда кептелістер мүлде жоқ деуге болады, жалпы көлік қозғалысы екі есе дерлік төмендеп, жолға небары 380–420 мың көлік шығады.

Қызығы, 2026 жылғы 1 қаңтарда түнгі сағат 1-де сарапшылар 4,5 мың көлікті тіркеген, бұл өткен жылмен салыстырғанда (2,7 мың) екі есеге жуық көп. Сағат тілі 00:00-ден асқан соң, кейбір алматылықтар жақындарын араласа, енді қайсібірі мерекелік алаңдарға келгенді жөн санаған.

Трафик шамамен 50%-ға төмендейді, жолға небәрі 380–420 мың автокөлік шығады. Алайда 2026 жылы түнгі белсенділік жоғары болды: сағат 01:00-де 4,5 мыңнан астам бірегей көлік шыққан. 2025 жылы бұл көрсеткіш 2,7 мың автокөлікті құраған. Бұл мерекелік орындар арасында қозғалыстың жиілегенін көрсетеді.

Көлік қозғалысы қайта жандана бастады…

Алматы көшелеріндегі көлік ағынының тыныштығы ұзаққа созылмады. Мегаполисте 2 қаңтарда көлік белсенділігі 10%-ға артты, ал 3 қаңтарда тағы 20%-ға күрт өседі. Бұл күндері қала тұрғындары жаппай сауда орталықтарына, қонаққа және қала сыртына шыға бастайды.

Мамандардың айтуынша, жаңа жылдық трафик сценарийі жыл сайын дерлік қайталанады. Мұндай болжамдылық қызметтерге жолдағы жүктемені алдын ала болжауға және көлік ағындарын тиімді басқаруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыз