Қазақстанда 2025 жылы қанша көлік шығарылды

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Фото: shutterstock.com

2025 жылы елде 171,1 мың көлік құрастырылды, осылайша отандық автокөлік өндірісі рекордтық көрсеткішке жетті. Қазақстандық автокөлік одағының (ҚАО) мәліметінше, шығарылған көліктердің жалпы құны 2,3 трлн теңгеден асты. 2024 жылмен салыстырғанда өндіріс көлемі 17,8%-ға артқан. Бұл Қазақстан автоөндірісі тарихындағы ең үздік нәтиже.

Рекордтық көрсеткіш

Фото: ҚАО

Жыл қорытындысы бойынша сала өңдеу өнеркәсібі жалпы көлемінің 8%-ын қамтып отыр, ал машина жасау саласындағы үлесі – 41,7%. Бүгінде автокөлік өндірісі өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемінің шамамен 8%-ын қамтамасыз етіп отыр. Ал машина жасау сияқты тар сегментте автокөлік өндірісінің үлесі 41,7%-ға жетті.

ҚАО мәліметінше, мұндай серпіліс 2025 жылы 113,6 млрд теңгені құраған ауқымды инвестициялардың арқасында мүмкін болды. Қаражаттың басым бөлігі жұмыс істеп тұрған өндіріс қуаттарын жаңғыртуға және автокомпоненттер шығаратын жаңа желілерді іске қосуға бағытталған.

Жаңа зауыттар

Фото: ҚАО

Саланың серпінді дамуына ірі өндіріс орындарының іске қосылуы маңызды драйвер болды. Мәселен, Алматы мен Қостанайда жаңа зауыттар – Astana Motors Manufacturing Kazakhstan және Kia Qazaqstan жұмысын бастады. Осылайша жұмыс орындарының көбейіп, сала мамандарының саны 11 153 адамға жетті.

Өнеркәсіп көшбасшылары

Фото: ҚАО

Негізгі өндірістің басым бөлігі дәстүр бойынша жеңіл көліктерге тиесілі – шамамен 159 мың бірлік. Коммерциялық автомобиль үлесі 12 200 бірл.(+8%) болды.

Өндірушілерге келер болсақ, Қостанайдағы Allur («СарыарқаАвтоПром») 92 100 бірл. (жеңіл автомобильдер мен жүк көліктерін қосқанда) техника құрастырды, бір жыл бұрын 90 515 бірл. техника конвейерден түскен (+1,8%). Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауыты 52 мың бірлікпен тұрақты өсім көрсетті. Коммерциялық және арнайы техника сегментінде QazTehna, СемАЗ және «КАМАЗ Инжиниринг» алда тұр. Жүк көліктерін өндірушілердің кейбірінің көлемі аздап төмендегеніне қарамастан, саланың жалпы динамикасы оң, бұл болашақта өндірісті одан әрі локализациялауға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Айта кетейік, 2026 жылы Қазақстанның автокөлік нарығы тұрақты өсімін жалғастырады, баға жағынан жаңа отандық темір тұлпарларға қатысты айтарлықтай өзгеріс болмайды. Алайда қолданыста болған көліктер сегментінде жүйелі мәселелер қордаланып жатыр.  

Сондай-ақ оқыңыз