Утильалымның жаңа мөлшері бекітілді

2026 жылы автокөлікті бастапқы тіркеуге дейін төленуі тиіс утилизациялық алым айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өсуіне байланысты көбейеді. Яғни, утилизациялық алымның базалық мөлшерлемесі (50 АЕК) көтеріліп, 196 600 теңгеден 216 250 теңгеге дейін өседі. Бұл туралы Kursiv.Media kolesa.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Соның нәтижесінде көлік құралдарының әртүрлі санаттары бойынша төленетін сома мынадай болады:

Утилизациялық алымды қалай төлеуге болады
Утильалымды Recycle.kz сайтында төлеуге болады. Ол үшін көлік иесі ретінде өтінімді өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) растауы қажет.
ЕАЭО-ға мүше емес елдерден Қазақстанға әкелінген көліктер үшін өтінімге келесі құжаттардың көшірмесі қоса берілуі керек:
- автокөліктің ішкі тұтынуға шығарылуы туралы кедендік рәсімге қойылғанын растайтын кедендік декларация;
- Қазақстан шекарасынан өткен күнді растайтын мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талон;
- көлік құралының конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік (СБКТС) немесе көлік түріне рұқсат беру туралы құжат (ОТТС).
Егер утилизациялық төлемді есептеу үшін қажетті деректерді анықтау мүмкін болмаса, операторлар келесі құжаттарды сұратуы мүмкін:
- тасымалданатын автокөліктердің VIN-коды көрсетілген көлік жүкқұжаттарының көшірмесі немесе халықаралық тасымалды растайтын CMR жүкқұжаты;
- шот-фактура (invoice) көшірмесі.
Ресей, Беларусь, Армения немесе Қырғызстаннан (ЕАЭО елдері) Қазақстанға әкелінген көліктер үшін қажет құжаттар:
- көлік құралдарының паспортының немесе тіркеу туралы куәліктің сканы;
- Көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік немесе көлік құралының түрін мақұлдау құжатының сканы;
- ЕАЭО-ға мүше мемлекет экспорттаушысынан ҚР импорттаушысына көлікті беру туралы қабылдау-тапсыру актісінің сканы (егер бар болса), VIN-кодтар көрсетілуі тиіс;
- тасымалданатын көліктердің VIN-коды көрсетілген жүкқұжаты немесе халықаралық тасымал CMR жүкқұжатының сканы.
Көліктің Қазақстанға енгізілген күнін растау үшін қосымша шекарада берілетін мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талон немесе оның көшірмесі талап етілуі мүмкін. Егер талон ұсынылмаса, онда көліктің әкелінген күні ретінде өтінім берілген күн есептеледі.
Айта кетейік, автокөлікті бастапқы тіркеу үшін алынатын алымның ең төменгі мөлшері (0,25 АЕК) 983 теңгеден 1081,25 теңгеге дейін өседі. 3 жылға дейінгі көліктерді тіркеу үшін төленетін 50 АЕК, 196 600 теңгеден 216 250 теңгеге дейін көтеріледі. Ал жасы 3 жылдан асқан көліктерге арналған ең қымбат бастапқы тіркеу (500 АЕК) 1 966 000 теңгеден 2 162 500 теңгеге жетіп, шамамен 200 000 теңгеге артады.