«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басшылары декларациясында қандай табысын көрсеткен

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Қазмұнайгаз ҚМГ
ҚМГ басшыларының әйелдері декларациясында қанша табыс көрсеткен / Фото: ҚМГ

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының лауазымды тұлғалары 2024 жылғы кірістері туралы декларация мәліметтерін жариялады. Құжатта басқарушы қызметкерлер мен олардың жұбайларының табысы көрсетілген.

Айта кетейік, заң талабы бойынша декларацияда шенеуніктер жұмыс орнынан алатын жалақысынан тыс, дербес салық салынатын табыстарын көрсетеді. Айлық жалақыларынан бірден жеке табыс салығы ұсталатындықтан, ол бұл құжатта жазылмайды.

Атап айтқанда, компания басқармасының төрағасы Асхат Хасеновтың жұбайы Гүлназ Хасенованың 2024 жылғы жалпы табысы 7 млн теңгені құраған. Ал Хасеновтың жалақы ғана алатын болса керек, басқа табысын декларацияламаған.

Басқарма төрағасының орынбасары Диана Арысова 2024 жылы жалақысынан бөлек, 18,9 млн теңге табыс тапқан. Ал жолдасы Серік Бегімбетовке 37 747 теңге кіріс тіркелген.

Тағы бір орынбасар Руслан Балықбаевтың декларациясында жалақысынана бөлек, 4,2 млн теңге тапқанын көсетілген. Ал жұбайыГүлдана Балықбаеваның дербес салық салынатын табысы жоқ.

Қаржы департаментінің директоры Марат Диканбаев декларациясында 2024 жылы 12,7 млн теңге табыс тапқанын көрсеткен.

Басқарма төрағасының орынбасары Болат Закировтың жалақысынан бөлек жылдық кірісі 6,8 млн теңге ретінде көрсетілген. Ал тағы бір орынбасар Шафкат Құдабаевтың жұбайы Раушан Сармантаеваның табысы 9 960 000 теңгені құраған.

Бұған дейін Алматының экс-әкімі Ерболат Досаевтың әйелі декларациясында 2,3 млрд теңге табыс тапқанын көрсеткен.

Сондай-ақ оқыңыз