АҚШ Ресейдің санкцияға іліккен тағы бір мұнай танкерін ұстады

АҚШ-тың жағалау күзеті Кариб теңізінде Ресейдің сакцияған іліккен Olina танкерін ұстады. Операция Тринидад аралының маңында өткен. Танкерді ұстауға USS Gerald R. Ford арнайы жасағы қатысқан.
Мәлімет бойынша, Olina бұрын Minerva M деп тіркелген және 2025 жылы АҚШ санкциясына ілінген. Ол Венесуэладан мұнай таситын «тасадағы флотқа» тиесілі, бұл флот Венесуэла мұнайы экспортының 70%-ын қамтамасыз етіп отыр.
Бұл — АҚШ-тың Венесуэладан мұнай таситын танкерлерді қадағалау бағдарламасы аясында ұсталған бесінші танкер. Бұған дейін Marinera және Bella 1 танкерлері ұсталды.
Бұған дейінгі ұсталған кемелер де ұзақ уақыт бойы АҚШ әскерінен қашқан, кейбіріне Ұлыбритания, Франция және Ирландия әуе қызметі қатысқан деген мәлімет бар. АҚШ бұл операцияларды «заңсыз әрекеттерді тоқтату және қауіпсіздікті қамтамасыз ету» деп сипаттайды.
АҚШ 2025 жылдың 10 қаңтарында жаңа санкциялар пакетін жариялаған. Осы санкция асында жалпы саны 183 танкер шектеуге іліккен.