Қаңтар айында шығатын фильмдер

Жарияланды 11 Қаңтар 2026 12:25

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
фото: kursiv.media архиві

2026 жылдың қаңтар айы Қазақстан киноиндустриясы үшін мазмұны терең, ой салатын драмалық фильмдермен ерекшеленбек. Ал шетелдік прокатта триллер мен қорқынышты жанрдағы ауқымды жобалар көрермен назарын аударуға дайын. Еліміздің барлық кинотеатрларында бірқатар жаңа туындылар үлкен экранға жол тартады.

«Жұмақтан билет»

Премьерасы: 15 қаңтар 2026
Жанры: драма

Фильм адам тағдыры, өмірдің өткіншілігі мен ар-ождан мәселелерін қозғайды. Кейіпкердің ішкі жан күйзелісі, өмірлік таңдаулары мен моральдық дилеммалары әлеуметтік-психологиялық қырынан терең бейнеленеді. Туынды көрерменді өз өміріне сын көзбен қарауға жетелейді.

«Гипноз»

Премьерасы: 15 қаңтар 2026
Жанры: триллер, драма

Шынайы оқиғалар желісімен түсірілген фильм гипноз бен сенімді теріс пайдалану арқылы жасалатын қылмыстарды суреттейді. Қылмыскерлер адамдарды өз сезімдері мен айналасындағы шындыққа күмәнмен қарауға итермелейді. Туынды психологиялық қысым мен манипуляцияның қауіпті салдарын ашады.
Фильмді «Қазақфильм» киностудиясы мен RDR Production компаниясы ұсынған.

Басты рөлдерде: Томирис Жанғазинова, Ақжол Мамыр, Әбілмансұр Серіков, Дулыға Ақмолда. Бұған дейін Томирис Жанғазинова фильмдегі 18+ сахнаcы туралы айтқан еді.

«Тәубе»

Премьерасы: 22 қаңтар 2026
Жанры: драма

Рухани тазару, кешірім және адамның өз-өзімен күресі тақырыбын арқау еткен фильм. Кейіпкердің басынан өткен ауыр сынақтар арқылы тәубеге келу жолы көркем әрі философиялық тұрғыда бейнеленеді. Туынды Қазақстанның барлық кинотеатрларында прокатқа шығады.

«Қызым»

Премьерасы: 29 қаңтар 2026
Жанры: отбасылық драма

Әке мен қыздар арасындағы қарым-қатынасқа негізделген бұл фильм отбасы құндылықтары, жауапкершілік пен махаббат тақырыбын алға тартады. Ата-ана мен бала арасындағы сезімдік байланыс туындының негізгі өзегіне айналған.

Қаңтар айындағы шетелдік кинопремьералар

«Гренландия 2: Көшу» (Greenland 2: Migration)

Премьерасы: 9 қаңтар 2026
Жанры: фантастика, триллер

Адамзатқа төнген жаһандық апат пен тірі қалу жолындағы күрес тақырыбы жалғасын табады. Табиғи апаттар аясында адам тағдыры мен моральдық таңдаулар қатар суреттеледі.

«28 жылдан кейін» (28 Years Later)

Премьерасы: 16 қаңтар 2026
Жанры: хорор, триллер

Зомби-апокалипсис жағдайындағы қоғам мен адам психологиясын бейнелейтін туынды. Қорқыныш пен үміт, үрей мен тірі қалу инстинкті қатар өрбиді.

«Сайлент Хиллге оралу» (Return to Silent Hill)

Премьерасы: 23 қаңтар 2026
Жанры: хорор, мистика

Тылсым қалаға қайта оралған кейіпкердің басынан өткен үрейлі оқиғалар арқылы адам санасының қараңғы қырлары ашылады. Фильм мистикалық атмосферасымен және психологиялық тереңдігімен ерекшеленеді.

Сондай-ақ оқыңыз