
Қазақстандық саяхатшы әрі блогер Дастан Мұхамедрахым америкалық актер Уилл Смитке қазақтың ұлттық шапанын кигізді.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, Дастан Мұхамедрахым Instagram ұйымдастырған Дубайдағы әлемге әйгілі блогерлер мен жұлдыздар жиналған ауқымды шараға арнайы шақырту алған. Басқосуда Голливуд жұлдызы Уилл Смитпен жүздесіп, қазақтың ұлттық шапанын сыйға тартқан.
Шара барысында Уилл Смит шапанды иығына жауып, естелік суретке түскен.