
Жұмыс аптасының басы – ұзақмерзімді жоспар құруға, қаржылық тәртіпті күшейтуге және маңызды шешімдер қабылдауға қолайлы кезең. Geocult.ru порталының мәліметіне сүйене отырып, Kursiv LifeStyle дүйсенбіге арналған арнайы жұлдызнама болжамын ұсынады.
Тоқты
Бүгін маңызды жұмыс мәселелерін қолға алатын кез. Келіссөздер жүргізуге, жалақыны немесе жаңа жобаларды талқылауға қолайлы күн. Жеке өмірде жұмсақтық танытыңыз.
Торпақ
Торпақ белгісіндегі Уран қаржыны басқарудағы үйреншікті тәсілдерді жаңартуға және инновациялық шешімдерді енгізуге шақырады. Істе сенімді серіктестерге сүйеніп, табыс табудың балама жолдарын сынап көруден қорықпаңыз. Кешкі уақытта жақындарыңызға көңіл бөлу ішкі үйлесімділік сыйлайды.
Егіздер
Құжаттар мен хат-хабарда ұсақ-түйекке мұқият болу маңызды. Қаржылық жағдай артық шығынға жол бермесеңіз тұрақты болады. Жеке өмірде ашық әңгіме түсініспеушіліктің алдын алады.
Шаян
Шаян белгісіндегі кері қозғалыстағы Юпитер бұрынғы идеяларға қайта оралып, оларды табысты жоба деңгейіне дейін жетілдіруге кеңес береді. Бизнесте күмәнді тәуекелге бармай, қолда бар позицияны сақтаған дұрыс. Отбасы – сіздің басты тірегіңіз.
Арыстан
Бүгін жұмыс ортасы немесе қарым-қатынас шеңбері өзгеруі мүмкін. Жаңа таныстар болашақта пайдалы болмақ. Жеке өмірде ашықтық пен шынайылық қатынасты нығайтады.
Бикеш
Балық белгісіндегі Сатурн заңдық мәселелер мен келісімшарттарда тәртіп орнатуды талап етеді. Қаржыда консервативті ұстанымды таңдаған жөн, артық шығыннан аулақ болыңыз. Сүйіктіңіздің жайлылығына мән беру қарым-қатынасты тұрақтандырады.
Таразы
Маңызды әңгімелерге, жұмыс, ақша немесе болашақ жоспарларын талқылауға қолайлы уақыт. Бүгін жасалған келісімдер ұзақмерзімді нәтижеге бағытталады. Махаббатта тұрақтылық пен айқындық кезеңі басталады.
Сарышаян
Айдың өз белгіңіздегі орналасуы іскерлік қабілетіңізді күшейтеді. Басқалар тәуекел көрген жерден сіз мүмкіндік байқайсыз. Қаржыда интуицияға сеніңіз, бірақ шешімді нақты деректермен бекітіңіз. Жеке қатынаста сенім мен терең байланыс артады.
Мерген
Бүгін естіген әр ақпаратқа сене бермеңіз, бәрін тексеріңіз. Қаржы қауіпсіздігі үшін күмәнді ұсыныстардан бас тартқан жөн. Жеке өмірде ымыраға келе білу маңызды.
Тауешкі
Тауешкі белгісіндегі төрт планета сізді қазіргі кезеңнің басты тұлғасына айналдырады. Қаржылық жетістік жеке бастама мен көшбасшылық қасиетке тікелей байланысты. Жеке өмірде сенімділігіңіз айналаңызға тартымды әсер етеді.
Суқұйғыш
Бұл күн ішкі жаңалықтар мен дүниетанымның өзгеруін әкелуі мүмкін. Жұмыста тың идеялар құпталады, бірақ белгіленген ережелер шеңберінде. Қарым-қатынаста эмоцияны ашық білдіруге тырысыңыз.
Балықтар
Балық белгісіндегі Сатурн мен Нептун шығармашылықта тәртіп пен жоспарға адал болуды талап етеді. Қаржылық нәтиже бұрын басталған жобалардан немесе ескі инвестициялардан келуі мүмкін. Жеке өмірде қиялға емес, нақты әрекетке көшіңіз.