
Блогер Қайсар Қамза өзін іздестіріп жатқаны туралы ақпараттан кейін алғаш мәлімдеме жасады. Ол Instagram сторисінде жағдайға таңғалысын жеткізді.
«Кімнің ала жібін аттап қойды екем? Бүкіл ел, дүйім жұрт болып іздейтіндей қылмыскер сияқты емес едім ғой. Әблязов секілді етіп шығарып қойғандары ше?» – деді блогер.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігі (ҚМА) блогер Қайсар Қамзаға ресми түрде іздеу жариялаған еді. Іздеу ісі Астана қаласында тіркелген.