
Алматыда кейінгі бір аптада 8 мыңнан аса адам жедел респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) жұқтырған. Бұл туралы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандары айтты.
Бөлім басшысы Алмаш Ахметованың сөзінше, науқас санына қарамастан оқушыларды қашықтан оқуға жіберуге негіз жоқ.
«Сыныптағы оқушылардың 30%-ы бір уақытта ЖРВИ-мен ауырған жағдайда балаларды онлайн оқуға жіберуге болады. Мұндай шешімді мектеп директоры қабылдайды. Алматыда қазір мұндай жағдай тіркелген жоқ. Өткен аптада 76 баладан анықталған. Олар қаладағы 33 мектепте оқиды», – дейді Алмаш Ахметова.
Мамандар қаладағы эпидемиологиялық жағдайды қалыпты деп санайды. Бұған оқушылардың қысқы демалыста болғаны да әсер еткен.
Одан бөлек 2025 жылы қалада 314 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. 2024 жылмен салыстырғанда науқастар саны 19%-ға азайған.