Анасын азаптап өлтірмек болған тұрғын ұсталды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Ұлы ұйықтап жатқан кезде анасын жастықпен тұншықтырған / фото: KursivMedia мұрағаты
Ұлы ұйықтап жатқан кезде анасын жастықпен тұншықтырған / фото: KursivMedia мұрағаты

Қырғызстанның Шу облысында анасын азаптады деген күдікпен ер адам ұсталды. Бұл туралы Шу облыстық ІІБ бас басқармасы хабарлады.

Kaktus.media ақпаратына қарағанда, 29 желтоқсанда Жайыл ауданының ІІБ-на Полтавка ауылының тұрғыны, 1985 жылы туған әйел арызбен жүгінген. Оның айтуынша, 1981 жылғы ағасы 28-інен 29 желтоқсанға қараған түні 1950 жылғы туған анасын өлтірмек болған.

Ұлы ұйықтап жатқан кезде анасын жастықпен тұншықтырған. Жәбірленуші қарсылық көрсеткен кезде, күдікті оның денесінің әртүрлі бөліктеріне бірнеше рет соққы жасаған.

Аталған дерек тіркеліп, Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 138-бабы – «азаптау» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Милицияның мәліметінше, күдікті WhatsApp мессенджері арқылы жұбайымен жазысқан хаттарында шешесін өлтіру ниетін жасырмаған.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аудандық соттың шешімімен оған қатысты екі ай мерзімге қамау түрінде бұлтартпау шарасы таңдалып отыр.

Қылмыстық іс аясында барлық қажетті сот-құқықтық сараптамалар тағайындалды. Тергеу жалғасуда.

Айта кететін жайт, Ақтөбеде жасөспірім анасын өлтірді деген күдікпен ұсталған еді.

Сондай-ақ оқыңыз