Жаңалықтар

Астанада оқушылар бір күн қашықтан оқиды

Қалада соққан жел екпіні 15-20 м/с болады/фото: shutterstock

Астанада екінші ауысым оқушылары қашықтан оқуға жіберілді. Бұл туралы қаланың білім басқармасы хабарлады.

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты 12 қаңтарда екінші ауысымда оқитын 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқу форматына ауыстырылады», – делінген ақпаратта.

Айта кетейік, елордада қалың қар жауып тұр. Төтенше жағдайлар министрлігі ақпаратына сәйкес, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Одан бөлек көктайғақ болуы мүмкін.

Ал Алматыда оқушылар ЖРВИ жұқтырғандар саны көбейген жағдайда ғана қашықтан оқуға жіберіледі.