Жаңалықтар

Астаналық құтқарушылар тұрғындарға ескерту жасады

Мамандар қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды/фото: Серикжан Ковланбаев

Астаналық құтқарушылар ауа райына байланысты ескерту жасап, қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.

Мамандар 12 қаңтарда және алдағы күндері де елордада күн райы бұзылатынын ескертті. Сондай-ақ дабылды ескертулерге мән беріп, алыс сапарға шықпауға кеңес берді.

«Ауа райының нашарлауы, сондай-ақ қала аумағындағы автожолдардың жабылуы туралы дабылды ескертулер мен хабарламаларды SMS арқылы, интернет-ресурстар және әлеуметтік желілер арқылы тұрақты түрде бақылау ұсынылады», – делінген ақпаратта.

Төтенше жағдай туындаса 112 нөміріне хабарласу қажет.

Бұған дейін боран салдарынан Астанадағы әуежайда алты рейс, соның ішінде халықаралық бағыттағы ұшақтардың уақыты өзгерді.

Ауа райына байланысты қалада не болып жатқанын мына жерден көре аласыз.