Астананы қалың қар басты – фото

Елордада қалың қар жауды. Төтенше жағдайлар министрлігі дабылды ескерту жариялап, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болатынын хабарлады.

Одан бөлек қалада көктайғақ болуы мүмкін.

Ауа райына байланысты екінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқуға жіберілді.

Ал қаладағы коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Қала әкімдігінің хабарлауынша, қалада қар тәулік бойы тазартылады.

Ал Астана халықаралық әуежайында рейстер кешіктіріліп жатыр. Соған байланысты әуежай жолаушыларға сапарын алдын ала жоспарлап, ауа райы мен рейстер кестесіндегі өзгерістерді бақылауға кеңес берді.

Рейстер туралы ақпаратты әуежайдың онлайн таблосынан білуге болады: www.nn-airport.kz.
Ауа райына келсек, қалада бүгін ауа температурасы -8…-9 градус арасында суық болады.