«Барселона» Испания Суперкубогының финалында «Реалды» жеңді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
фото: REUTERS

Футболдан Испания Суперкубогының финалдық матчында «Барселона» мен «Реал Мадрид» командалары кездесті. Сауд Арабиясының Джидда қаласындағы «Король Абдалла Спортс Сити» стадионында өткен ойын каталониялық клубтың 3:2 есебімен жеңісімен аяқталды.

«Барселона» сапында Рафинья екі гол соғып, дубль авторы атанса, тағы бір голды Роберт Левандовский өз еншісіне жазды. Ал «Реал Мадрид» құрамынан Винисиус Жуниор мен Гонсало Гарсия мергендік танытты.

Кездесудің қосымша уақытында, 90+1-минутта, «Барселона» жартылай қорғаушысы Френки де Йонг дөрекі ойыны үшін қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.

Бұл жеңіс арқылы «Барселона» Испания Суперкубогын 16-рет жеңіп алып, турнирдегі ең табысты клуб мәртебесін нығайтты. Ал «Реал Мадрид» бұл трофейді бұған дейін 13 рет иеленген.

Сондай-ақ оқыңыз