
11 қаңтар күні кешке Шымкентте жан түршігерлік оқиға болды. Төлеметов көшесі мен Өтегенов көшесінің қиылысындағы жаяу жүргіншілер жолында 21 жастағы қызды пышақтап кетті. Ол ауыр жарақаттан оқиға орнында қайтыс болды. Бейресми ақпаратқа қарағанда, күдікке марқұмның сөйлесіп жүрген жігіті ілінген.
Аталған оқиғаға қатысты полиция Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғады.
«Күдіктінің кім екені анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол марқұммен таныс болған. Қазіргі уақытта оны іздестіру бойынша қажетті іс-шаралар жүріп жатыр» делінген полиция хабарламасында.
Осыдан екі күн бұрын Павлодар облысының Екібастұз қаласында да тұрмыстық жанжал адам өлімімен аяқталды.