
Алматы әкімінің орынбасары болған Ержан Бабақұмаровтың қазасынан кейін қозғалған қылмыстық іс сотқа жетті. Ақпаратты Астана қаласы сотының баспасөз қызметі растады.
Іс қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі (адам өлтіру) бойынша түскен.
Істің ашық не жабық өтетіні, соттың нақты қай күні басталатыны белгісіз. Қылмыстық істі судья Айжан Құлбаева қарайды.
Судья Құлбаева бұған дейін бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев, «Атамекен» ұлттық палатасының экс-төрағасы Абылай Мырзахметовке қатысты үкім шығарған.
Ержан Бабақұмаров 2025 жылдың қазанында қайтыс болды. Ол 2019-2022 жылдары Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. 2022 жылы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің басшысы болды.