Германияда тұрғындарға 4 млн келі картопты тегін таратпақшы

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Германияда 4 млн картопты тегін таратпақшы
Германияда 4 млн картопты тегін таратпақшы / фото: DW

Берлинде ерекше акция жарияланды. Ecosia компаниясы қала тұрғындары мен мекемелерге 4 млн келі немесе 4000 тонна картопты тегін таратып бермекші. Бұл туралы DW жазады.

Мұндай «жомарттыққа» себеп – егістің мол болуы. Биыл Германия рекордты 13 млн тонна картоп жинады. Бұл соңғы 25 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Ұсыныс сұраныстан күрт асып кеткендіктен көптеген шаруалар шығынға батып, өнімін қоймаға сақтау үшін тағы қаражат жұмсауға мәжбүр.

Жоғары сорттағы картоп Лейпцигтен алыс емес маңайдағы қойманың бірінде сақталған, бірақ оны сатып алушы табылмапты.

Осының әсерінен фермерлердің бірі артық өнімді Берлинге апарып таратуды ұсынып, картоп акциясы ұйымдастырылып отыр. Кейбір БАҚ жазуынша, бұл шара – Германия үкіметінің ауыл шаруашылығы саясатына қарсылығының бір түрі. Фермерлер «біздің еңбегіміз еш болып жатыр, өнімімізді сата алмаймыз» дегенді көрсету үшін осындай қадамдарға барады.

Ұйымдастырушылар тұрғындарға бір тонна картопқа дейін беруге дайын. Оны тек қарапайым азаматтар ғана емес, шіркеу қауымдастықтары, мектептер, спорт клубтары, аудандық ұйымдар, қайырымдылық қорларды да ала алады.

Қазақстанда да картоп егу жолға қойылған. Биыл Lay’s  компаниясы Алматы облысында  чипсін шығаратын Орталық Азиядағы ең үлкен зауыт салынады. Ал оған әйгілі Нарынқолдың картобын пайдаланады.

Сондай-ақ оқыңыз