Иран билігі жүздеген адам қаза тапқаннан кейін наразылық аяқталғанын мәлімдеді

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
силовики бронежилет
Иран билігі жүздеген адам қаза тапқаннан кейін наразылық аяқталғанын мәлімдеді / Фото: shutterstock

Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи қауіпсіздік күштері елдегі наразылық жағдайын бақылауға алғанын мәлімдеді. Бұл туралы Bloomberg мәлімдеді.

Наразылық акциялары кезінде кем дегенде 540 адам қайтыс болып, тағы 10 мың адам қамауға алынды. Жағдайдың өршуін Аракчи Израиль мен АҚШ-тан көрді. Министр мемлекеттік теледидарға берген сұхбатында Израиль бұл жағдайға тікелей кінәлі, ал американдықтар зорлық-зомбылыққа қолдау көрсетіп, жағдай нашарлағанын атап өткен. Айта кетейік, 12 қаңтарда демонстрация жалғасуда.

Америкалық бір шенеуніктің Reuters-ке хабарлауынша, президент Дональд Трамп сейсенбі күні аға кеңесшісімен кездесіп, Иранға қатысты әрекетін талқылайды. 

Ирандағы толқулар 2025 жылғы 28 желтоқсанда басталған. Халық ұлттық валюта құнсызданып, бағаның көтерілуіне наразы болған. Жыл аяғында 1 доллар құны 1,42 млн риалға жеткен. Кейін баскөтерулер бүкіл елге жайылып, ол билік жүйесіне қарсы жалпыұлттық наразылыққа ұласқан.

Иран үш тәуліктен бері интернетсіз, байланыссыз отыр. Билік оны қауіпсіздік мақсатында өшіріп тастаған. Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи көтерілген халықты Трамптың айтағына ерді деп айыптаған

Сондай-ақ оқыңыз