Жаңалықтар

Отбасы Банк зейнетақы төлемдері емделу үшін алуға уақытша тыйым салды

Отбасы Банк зейнетақы төлемдері емделу үшін алуға тыйым салды / Фото: Делия Айдаралиева

2026 жылғы 12 қаңтар кештен бастап қазақстандықтар біржолғы зейнетақы төлемдері (БЖТ) есебінен емделу ақысы төлеуге уақытша өтінім бере алмайды, деп хабарлайды Отбасы Банкі. Платформада өтініштерді қабылдау сағат 19.00-ден бастап тоқтатылады.

Отбасы банктің хабарлауынша, бұл шешім медициналық қызметтерге зейнетақы артықшылығын пайдалану ережелерін қайта қарауға байланысты болып отыр. Банк Денсаулық сақтау министрлігімен және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, БЖТ есебінен ем алуға қойылатын талаптарды жаңартуға және ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимыл тетіктерін пысықтауға ниетті.

Өзгерістердің мақсаты – зейнетақы қаражатын мақсатсыз пайдалануды болдырмау және олардың медициналық қызметтерге жіберілуін бақылауды күшейту.

Отбасы банк бағдарламаны түзету жұмыстары аяқталғаннан кейін өтінім қабылдау басталанын және банк қосымша хабарлайтынын айтты.

Айта кетейік, осыған дейін 2025 жылдың желтоқсанында Қазақстанда онкологиялық ауруларды емдеуде қолданылатын радиохирургияға ақы төлеу үшін зейнетақы алу саны күрт өскенін жазған едік. Бір айда 7 154 өтініш орындалған.

Салыстыру үшін 1 желтоқсанға дейін осы санат бойынша алып қою бағдарламасының барлық қолданылу кезеңінде 548 млн теңгеге 507 өтініш қана орындалды.