«Сен керексің»: Дариға Бадықова мен Олжас Абай шетелде бірге демалып жүр

Жарияланды 12 Қаңтар 2026 12:13

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Дариға Бадықова мен Олжас Абай / фото: instagram

Танымал актриса Дариға Бадықова мен актер Олжас Абай шетелде бірге демалып жүр. Мұны әлеуметтік желідегі жазбаларынан аңғаруға болады. Өнер иелері теңіз жағасында түсірілген стористерімен бөлісіп, көпшіліктің назарын аударды.

Демалыс кезінде жаңа туындысын да таныстырды. «Сен керексің» атты әнге қатысты жазбасында Дариға Бадықова әсерлі ойын бөлісті:

«Кейде өмірдің хаосында, жақындарға ренжігенде, ішкі күмән мен арпалыста біз ең маңызды нәрсені ұмытып кетеміз – біреуге шын керек екенімізді. Сен керексің. Кейде үндемей қолдау үшін, кейде жай ғана күлімдеу үшін, кейде біреудің өмірін өзгертетін бір ауыз сөзді айту үшін ғана.

Бұл ән – дәл сендей жандарға. Көзге көрінбей жақсылық жасап, үнсіз сүйіп, тіршіліктің қалың тұманында біреуге жарық болғандарға», – деп жазды Бадықова.

Желіде жарияланған стористерде Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың теңіз жағасында демалып жатқан сәттері көрсетілген.

Айта кетейік, бұған дейін Дариға Бадықованың күйеуімен ажырасып кеткені туралы жазған едік. Сондай-ақ актриса мен Олжас Абай жақында «Таптым-ау сені» фильмінің үшінші бөлімін түсірілімін аяқтады. Фильм наурыз айында көрерменге жол тартпақ.

Сондай-ақ оқыңыз