
12 қаңтарда түске қарай Алматы қаласына өте жақын маңда жер сілкінді. Бұл туралы Kursiv.Media Қазақ Ұлттық деректер орталығы мәліметіне сүйене отырып хабарлады.
Мекеме дерегінше, жер сілкінісі дүйсенбі күні сағат 11:44-те тіркелді. Жерасты дүмпуі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 54 шақырым жерде тіркелді.
Дүмпу магнитудасы – 3.6 балл. Ол 5 км тереңдікте орналасқан.

Ұлттық орталық дүмпу ошағының координаттарын жариялады. Ол қазақ-қырғыз шекарасына жақын маңда, Талғар шыңы мен Ұлттық саябағы арасында орналасқан.